Ел жаңалықтары

Алматы әуежайына баратын жол жарты жылға жабылады

  • Алматы әуежайына баратын жол жарты жылға жабылады

    Алматы әуежайына баратын жол жарты жылға жабылады

Алматы халықаралық әуежайына баратын жол алдағы жарты жылға жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына қарағанда, мұндай шешім Бұқтырма көшесі мен Алматы-Көктал тас жолдарының қиылысындағы жол айрығы құрылысына байланысты қабылданып отыр. 

«2020 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға  қатынайтын жабылады. Алматы халықаралық әуежайына  Рысқұлов даңғылы, Шемякин көшесі және Майлин көшелері арқылы баруға болады», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кету керек, іргелес көшелердегі қозғалыс тоқтатылмайды. Жүргізушілер Құлжа тас жолына, Алатау, Тұздыбастау елдімекендеріне әдеттегідей қатынай алады. Осыдан жарты жыл бұрын жабылған Талғар тас жолы мен Құлжа тас жолының ортасын жалғайтын Бұқтырма көшесінің бөлігі әлі ашылған жоқ.

Azattyq Rýhy. 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 20:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30