Алматы әуежайында тексеріс күшейтіледі

30 қыркүйек 2021, 23:29

Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтіледі. Әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылады.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша 1 қазаннан бастап, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге байланысты Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілуде. Кіре берісте терминалға қосымша тексеру желісі қойылады», – делінген ресми хабарламада.
Жолаушыларға рейстеріне кешігіп қалмас үшін әуежайға ертерек келу ұсынылды.

aikyn.kz