Алматы ауруханаларында 170 адам қаза тапқан – ДСМ

15 қаңтар 2022, 22:50

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамман байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова мәлім етті. azattyq-ruhy.kz

 
«Жаппай тәртіпсіздік кезінде ауруханаларға 2677 адам түскен, оның ішінде амбулаториялық емдеуге 1115 адам босатылды, 265 адам ем алып жатыр, 67 адам ауыр халде реанимацияда», – деді ДСМ өкілі. 
Оның айтуынша, Алматыдағы үш аурухана үш тәулікке жуық уақыт террористердің қоршауында болған. Ауруханаларда қазақ не орыс тілдерін білмейтін, ем алғысы келмеген, тіпті, қару асынған адамдарға еріп, емделу қағазын алмай кеткен адамдар болған. 

«Жаңа Бас прокуратура айтқан 225 адамның 170-і ауруханаларда қаза тапқан», – дейді ол.