Алматы емханаларында стоматологиялық көмек қалай көрсетіледі

23 қаңтар 2023, 12:47

№11 қалалық емхананың бас дәрігері Майра Жүнісова Алматы емханаларында стоматологиялық көмекті кімге және қалай алуға болатынын айтып берді.

Оның айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер емханада МӘМС пакетінде жоспарлы түрде тегін стоматологиялық қызметтерді ала алады. Олар үшін анестезия, жақтың немесе тістің рентгенографиясы, тісті жұлу, препараттау және пломба салу, периостотомия, пульпит, периодонтит, стоматиттің, альвеолиттің өткір түрлерін емдеу, абсцессті ашу сияқты қызметтері көрсетіледі.
МӘМС пакетінде шұғыл стоматологиялық қызметтерді алуға болады. Оны 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, I, II, III топтағы мүгедектер, "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық және әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын және ерекше қажеттіліктері бар балаға немесе I топтағы мүгедек балаға күтім жасайтындар, жұмыс істемейтін қазақстандықтар талап ете алады.

"Мысалы, біздің емханада тілдің френулумы пластикасы, жоғарғы және төменгі еріннің френулумын бекіту аномалиясы, тістерді жұлу, өткір тістерді, ашу жақ-бет аймағының өткір, іріңді қабыну ауруларын ашу сияқты хирургиялық стоматологиялық араласулар жергілікті анестезиямен жүргізіледі. Осы іс-шаралардың барлығын өткізу үшін бізде тұтас стоматологиялық бөлімше бар, онда 15-ке жуық маман жұмыс істейді әрі бөлімше барлық қажетті қымбат құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Маманға бару үшін емхананың қабылдау бөліміне хабарласып, қабылдауға жазылу керек", - деп атап өтті Майра Жүнісова.

Естеріңізге сала кетейік, емхана МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсету орталығы болып саналады.