Ел жаңалықтары

Алматы қаласынан Медициналық сақтандыру қорына 42 млрд теңгеден астам жарна түсті

  • Алматы қаласынан Медициналық сақтандыру қорына 42 млрд теңгеден астам жарна түсті

    Алматы қаласынан Медициналық сақтандыру қорына 42 млрд теңгеден астам жарна түсті

Алматы қаласы медициналық сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алдыңғы орында тұр. Қорға түскен қаржының бестен бір бөлігі бұрынғыша оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 6 қыркүйегіне дейінгі аралықта барлығы 1 млн 373 мың алматылық тұрғынның атына 42,6 млрд теңге аударылған.


«Бұл соманың ішінде бірыңғай жиынтық төлем де бар. Атап айтқанда, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3,5 мыңнан астам алматылық 10,1 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген», - деді Алматыда өткен брифингте МСҚ қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.


Оңтүстік астанадан түскен түсімдердің негізгі бөлігі немесе 40,1 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлерінің атына аударған аударымдары. 2017 жылдан бастап жарна аударуға міндеттелген бұл санат жұмыскерлерді сақтандыруды тоқтатқан жоқ.


Сақтандыру енгізілген 2017 жылдың екінші жартысында өзі үшін жарна аударған жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар соңғы екі жылда сақтандыру төлемдерінен босатылған болатын. Олар жарнаны өзге санаттармен бірге 2020 жылдың қаңтарынан бастап аудара бастамақ.


Естеріңізге сала кетсек, Қорға түскен қаражат ҚР Ұлттық банкінде сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 17:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30