Алматы қаласында электр жарығы өшіріледі

27 қаңтар 2022, 10:34

Қаланы электр жарығымен жабдықтайтын компания қуат тарату желісін жөндеу жоспарымен осындай қадамға барып отырғанын мәлімдеді.
Жоспарланған электр жарығын өшіру кестесі мегаполисті электрмен қамтамасыз етуші "Алатау Жарық Компаниясының" сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.
Кестеге сай, қала тұрғындары таңертеңнен кешке дейін жарықсыз қалуына тура келіп тұр.
Электр қуатының өшуі — жөндеу жұмыстарына, негізінен ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Кестеде уақыт күттірмейтін апатты жұмыстар да өамтылған,
— деп жазады АЖК өзінің сайтында.
25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр қуатын беру апатты түрде тоқтатылған.
Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлеріндегі тұтынушыларға электр энергиясы берілмей қалды. Кейін ол қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары да тәулікке жуық уақыт электр жарығынсыз қалған болатын.