Алматы қаласында серозды менингитке шалдығу төрт есеге өсті

12 маусым 2022, 01:53

Энтеровирустық инфекциялармен жапа шегушілердің көбісі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі. Жасы ұлғайған сайын бұл сырқатқа шалдығу ықтималдығы азаяды, өйткені инфекция қоздырғыштарын ағза қабылдамайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
 
Алматы қаласында энтеровирустық этиологиядағы серозды менингитпен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда серозды менингитпен сырқаттанушылықтың 4,1 есе өсуі байқалады, – делінген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы қаласында серозды менингиттің 157 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық болып табылады. 157 жағдайдан 49 жағдайда зертханалық растау алынды (2021 жылы – 2 жағдай): оқушылар арасында – 36,7%, ұйымдастырылмаған балалар арасында – 16,3%, МБҰ баратын балалар арасында – 42,9%, педагогтер – 2,0% және өзге контингенттер арасында – 2,0%.

Энтеровирустық инфекциялар-интоксикация синдромымен және әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталатын энтеровирустар (ішек вирустары) тектес вирустардан туындаған аурулар тобы, олардың арасында серозды менингит жиі тіркеледі.

Энтеровирустардың таралу жолдары әр түрлі. Энтеровирустық инфекциялар көбінесе нәжіс-ауыз қуысы арқылы – ластанған тағам өнімдері, көкөністер мен жемістер, су, әсіресе ашық су қоймаларында, хауыздарда шомылғанда;тұрмыстық жолмен- вирусты тасымалдаушымен тікелей қарым-қатынаста болу, немесе үйде қолданылатын ластанған заттар арқылы;ауа-тамшылары арқылы- (жөтелгенде, түшкіргенде сілекей тамшылары, қақырық) арқылы беріледі.

Энтеровирустық инфекциялармен жапа шегушілердің көбісі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі, жасы ұлғайған сайын бұл сырқатқа шалдығу ықтималдығы азаяды, өйткені инфекция қоздырғыштарын ағза қабылдамайды. Бір жасқа дейінгі сәбилер арасында жұқпа ауыр түрде өтеді.

Алматы қалалық СЭБД аурудың мынандай белгілері барын ескертеді:

сырқат суық тиюдің жеңіл белгілерімен басталады. Әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының 39-40 0С-қа көтерілуі, бас ауруының үдеуі, жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы, аяқ-қолдың тартылуы да мүмкін.
аурудың алғашқы белгісі білінгенде, дереу дәрігерге көріну қажет, өйткені энтеровирустық инфекция, соның ішінде серозды менингиттің ағзаға  тигізетін теріс әсері зор(көз көрмей, құлақ естімей қалады және психиканың өсуіне кедергі болады).
энтеровирустық инфекциялардың, соның ішінде серозды менингиттің алдын алу шаралары кез келген ішек инфекцияларының шараларына ұқсас болып келеді. Ауырмау үшін келесі қағидаларды білу қажет:
ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бутылкадағы суды колдану керек;
әрбір тамақ ішер кезде және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуып, жеке және қоғамдық гигиенаның қағидаларын қатаң сақтау қажет;
түшкіргенде және жөтелгенде бір рет қолданатын майлықтарды пайдалану қажет;
жемістер мен көкөністерді қолданар алдында алдымен щеткамен, сосын қайнап тұрған сумен мұқият жуу керек;
тек қана арнайы келісілген орындарда ғана шомылу қажет және оның суын жұтпауға тырысу керек;
ауру деңгейі көтерілген кезеңде хауыздарға, аквопарктерге және ашық су қоймаларына барудан бас тарту керек;
жеке адамдардан және сауда орындарына жатпайтын жерлерден тамақ өнімдерін сатып алмау керек;
бөлмелерді жиі желдетіп, сулы тазалау жұмыстарын жүргізу қажет;
ауырған балаларды балабақшаға және мектепке жібермеу керек.