Ел жаңалықтары

Алматы қаласының жабылатыны туралы мессенджерлерде таралған ақпарат жалған

  • Алматы қаласының жабылатыны туралы мессенджерлерде таралған ақпарат жалған

    Алматы қаласының жабылатыны туралы мессенджерлерде таралған ақпарат жалған

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 30 маусымы сағат 00:01-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпараттың тарауына байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Өз кезегінде, қала тұрғындарынан мегаполис аумағындағы эпидемиологиялық режимді: әлеуметтік қашықтықты, маска режимін ұстанып, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүруге шақырамыз. Мүмкіндігінше, үйден шықпау керек, әсіресе, жасы 65 жастан асқан адамдарға сақ болған жөн.

 
 

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31