Ел жаңалықтары

Алматы көпсалалы колледжінде «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

  • Алматы көпсалалы колледжінде «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

    Алматы көпсалалы колледжінде «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматы көпсалалы колледжі кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.



Дөңгелек үстел барысында Студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы «Бала Нұрсұлтан», «Менің тұғыш Президентім», «Елбасы кітаптары – ел мұраты» және «Елбасы туралы біз білмейтін қызықты деректер» тақырыбында баяндамалар және презентация дайындап, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жетістіктеріне тоқталды.



Іс шарада УАР – 12/17 «Есеп және Аудит» мамандығының 3-курс студенттері және МГ 112 Р «Дизайн» мамандығының 2-курс студенттері әр түрлі мәселелер бойынша қызықты және мағыналы сайысқа белсене қатысты. Дайындық барысында кітапханада «Елбасы – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көпсалалы колледж деген атының өзіне лайықты білім беру мекемесінің жан-жақты екенін ескере отырып, көрмеде Елбасының өмір жолы, тоқсаныншы жылдардан бастап аймаққа жасаған әрбір сапарынан сыр шертетін кітаптар қойылды.



Сонымен қатар, мемлекет басшысының ірі өндіріс ошақтары мен өзге де маңызды нысандармен танысып жүрген сәті бейнеленген суреттері, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы» және кітапхана пайдаланушыларына «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты электрондық кітапханадағы мәліметтер базасына кірген Н.Назарбаевтың өмірі мен қыз¬меті туралы библиографиялық жазбалар ұсынылды.



Іс- шара өткізуге жауапты кітапхана меңерушісі

Гүлнар Жанатқызы




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 13:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31