Алматы маңынан содырлар жерленген жасырын зират табылды

20 қаңтар 2022, 13:20

Алматыда содырлар жерленген жасырын зират анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты ресми органдар растады. «Иә, бұл рас мәлімет. Тәртіпсіздікке қатысушыларды анықтау қиынға соғу үшін жасырын жерлеу жұмыстары жүргізілген», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәйітханаға жетіге жуық шабуыл жасалып, 41 адамның денесін белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан болатын.