Алматы маңында 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

26 мамыр 2022, 22:49

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні 21 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты. Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.4. MPV магнитудасы - 5,5. Тереңдігі - 10 км. Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді.
ҚазАқпарат.