Ел жаңалықтары

Алматы мектептеріндегі бейнекамералар полицияға қосылды

  • Алматы мектептеріндегі бейнекамералар полицияға қосылды

    Алматы мектептеріндегі бейнекамералар полицияға қосылды

Алматы мектептеріндегі камералар полицияға қосылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ПД консультативтік-кеңесші органында өткен жиында мәлім етті. 

Ресей Федерациясының Қазан және Пермь қалаларында болған қайғылы оқиғаларды барлығы біледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде алдын алу шаралары күшейтілді. Бүгінгі таңда қаладағы барлық 207 мектепте 4 414 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 2 620-сы Жедел басқару орталығына қосылған. Қалғандары жақын арада қосылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеріс, қаланың барлық мектептерінде күзет агенттігіне хабар беретін дабыл түймелері орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын көрсетті, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, білім беру мекемелері дабыл құрылғыларымен жабдықталған, оларда дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі де бар, білім беру ұйымдарының әкімшілік ғимараттарына кіруді бақылау және басқару үшін қондырғылар орнатылған. Сонымен қатар 150 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.



BAQ.KZ




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31