Алматы мен Нұр-Сұлтанда христиандардың суға шомылу рәсімін өткізуіне рұқсат етіле ме?

17 қаңтар 2022, 15:16

Нұр-Сұлтан мен Алматы билігі православ қауымы үшін суға шомылу діни рәсімі өте ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биылғы жылы астаналықтар коронавирустың өршуіне байланысты дәстүрлі суға түсу рәсімін орындай алмайды. Әкімдіктің баспасөз қызметі, шешім Нұр-Сұлтан бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде қабылданғанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ Алматыда да жаппай шомылуға тыйым салынған. Алайда қаланың санитар дәрігері суға жеке түсуге рұқсат етілетінін айтты. 

Христиандарда бұл күні қасиетті суға шомылу түрлі дерттерге шалдығудан қорғаумен қатар күнәдан арылтып, жанды тазартады деп есептеледі.