Ел жаңалықтары

Алматы метросына тағы да жаңа басшы келді

  • Алматы метросына тағы да жаңа басшы келді

    Алматы метросына тағы да жаңа басшы келді

Алматы "Метрополитен" КМК-ге жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағындық Телібаев метро басшысы ретінде тағайындалған. Оны Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды.

 
Қала әкімі метрополитеннің алдына бірқатар нақты міндеттер қойғанын атап өтті әкімнің орынбасары. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, жолаушылар ағынының артуы.

Сондай-ақ, ол Сағындық Телібаевтың тәжірибелі менеджер, көлік саласында мол тәжірибесі бар екенін тілге тиек етті. Жалпы метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Сағындық Телібаев метрополитендегі еңбек жолын "Алматыметрокрылыс" АҚ күрделі құрылыс басқармасының техникалық инспекторы болып бастады. Ол мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастады.

Кейін күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженері, Алматы қаласының "Метрополитен" КМК техникалық бөлімінің жетекші инженері болды. Соңғы бірнеше жылда Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы болды.

 Stan.kz




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 14:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31