Алматы метросында қолында тапаншасы бар жігіттер төбелес шығарған

23 қаңтар 2022, 21:50

21 қаңтарда Райымбек батыр метро бекетінде төбелес шыққан. Куәгерлер болған оқиғаны суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде төбелестің суреттері тарады. Оқиғаға қатысқандардың бірі қолына тапанша ұстап, қоқан-лоқы жасаған. Куәгердің айтуынша, екі жігіт үш оқушыны еш себепсіз ұрған.

 
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиға салдарынан 20 жастағы жігіт зардап шеккенін мәлімдеді. Ол ауруханаға түскен.

"Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыластарына қауіп төндірген тапанша тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, қолдарында газды тапанша болған. Қаруға сот сараптамасы тағайындалды. Тексеру шараларының қорытындысы бойынша айыпталушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.