Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановты тінту туралы ақпаратына полиция түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Қылмыстық іс басқа құқық қорғау органының іс жүргізуінде. Осы іс аясында Р.Әбдірахмановтан куәгер ретінде жауап алынды. Қазіргі уақытта қызметте, шеттетілмеген", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 19 желтоқсанда Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша жүргізілген тінту жұмыстары туралы Ербол Еділов Telegram арнасында хабарлаған болатын.