Ел жаңалықтары

Алматы облысында 15 жастағы жеткіншек моншаға барамын деп оқыстан қайтыс болған: сот медицина сараптамасы тағайындалды

  • Алматы облысында 15 жастағы жеткіншек моншаға барамын деп оқыстан қайтыс болған: сот медицина сараптамасы тағайындалды

    Алматы облысында 15 жастағы жеткіншек моншаға барамын деп оқыстан қайтыс болған: сот медицина сараптамасы тағайындалды

Алматы облысында 15 жастағы жеткіншек қыз кенеттен қайтыс болды, қайғылы оқиға әлеуметтік желілерде резонанс тудырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оқиға Іле ауданында тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 28 мамыр күні кешке Жетіген ауылының тұрғынынан медицина қызметкерлеріне шақырту келіп түскен. Әйелдің айтуынша, оның 15 жастағы қызы моншаға түсу кезінде есінен танып қалған. Алайда, оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы жасөспірімнің биологиялық өлімін ғана анықтай алған.

Ақпарат әлеуметтік желілерге тарап, қыздың қайтыс болуына және мед қызметкерлердің әрекеттеріне қатысты көптеген дау тудырды.

"Бүгін кешке маған қоңырау шалып, 15 жастағы А. О. моншада құлап қалғаны жайлы хабарлама келді. Бала онда қанша уақыт ес-түссіз жатқаны белгісіз. Ресми ақпарат әзірге жоқ. Көршілердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем дереу келіп жетті. Аурухана қыздың тұрғылықты үйіне жақын орналасқан. Бірақ куәгерлердің айтуынша, жас дәрігер ештеңе істей алмаған, себебі ешқандай құралдар мен дәрі-дәрмектер қолда болмады. Қыздың есін жиғызу әрекеттерінен түк шықпаған", - деп жазды желі қолданушылардың бірі Ильзат Акчурин.

Пост авторы сондай-ақ мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау мекемелерінен баланың өлімін бақылауға алуды сұрады.

Өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасында жедел жәрдем бригадасы шақыруға жауап беріп, оқиға орнына санаулы минуттарда келгенін атап өтті. Шақыру 21.35 - те келіп түсті, орнына келу 21.39-да.

"Бригада келген сәтте қыз әлдеқашан мерт болған. Осыған байланысты реанимация және басқа да манипуляциялар жасалмаған. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлері барлық қажетті дәрі - дәрмектермен қамтамасыз етілген", - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, ол өлімнің нақты себебін анықтауы керек. Ал сарапшылардың пікірінше, тәртіп сақшылары бұл факті бойынша қажетті процессуалдық шешім қабылдауы керек.




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 01:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31