Ел жаңалықтары

Алматы облысында бірнеше жол апаты орын алып, 2 адам қаза тапты

  • Алматы облысында бірнеше жол апаты орын алып, 2 адам қаза тапты

    Алматы облысында бірнеше жол апаты орын алып, 2 адам қаза тапты

Алматы облысында 27 қараша күні бірнеше көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат.

 Жол апатын видеоға түсіріп, желіге жүктеген автор: «Құлжа тас жолында адамды қағып кетті. Абай болыңыздар. Адам қаққан көліктің осындай болуы үшін ол қандай жылдамдықпен жүрді екен», - дейді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бұл факті 27 қараша күні түнгі сағат 23:00 шамасында Талғар ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Киа-Рио көлігінің 21жастағы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 52 жастағы адам оқиға орнында мерт болды» - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар 27 қараша күні Алматы облысында тағы үш көлік соқтығысып, 13 жастағы бала мерт болды. Оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында болған. Алдын ала болжам бойынша, Kia Sportage көлігі батыс бағытпен келе жатып, бұрылыста бұрылғалы тұрған Volkswagen Golf көлігіне соғылған. Соққының салдарынан Volkswagen Golf қарсы бағытқа шығып кетіп,Toyota Ipsum көлігіне соғылған.




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 15:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31