Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

22 желтоқсан 2022, 02:12

Алматы облысында екі автокөліктің қатысуымен болған жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
«Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі Кеген-Көкпек-Түп автожолының 60 шақырымында рульді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан «Mitsubishi» көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Hyundai» жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, тағы екі зардап шеккен адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалардың тағайындалуымен ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді Кеген АПБ бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.