Ел жаңалықтары

Алматы облысында иесі итін тірідей өртеп жіберген

  • Алматы облысында иесі итін тірідей өртеп жіберген

    Алматы облысында иесі итін тірідей өртеп жіберген

Алматы облысында 43 жастағы ер азаматтың итіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберген видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған видео қоғам наразылығын тудырды. Бейнежазбаға облыстық полицейлер пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға 4 желтоқсанда Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында болған.

 
"Видеодағы ер адамның кім екені қазір анықталды. Ол 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол осылайша итін жазалмақ болған. Ит тірі, қазір үй жануарларына арналған орталықта", – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы (“Жануарларға қатыгездік көрсету”) бойынша тергеу басталып, іс жүргізілуде.

Жергілікті еріктілер жарақат алған иттің жағдайы туралы да хабарлады.

"Иттің түгі күйіп кеткен. Денесі, басы, беті, шырышты қабаттары күйген. Дәрігерлер иттің күйік ауруына шалдығуы мүмкін екенін айтады. Қазір станционарға алып кетті", – делінген желідегі жазбада.




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.12.2021, 00:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31