Алматы облысында жаңа бір аудан пайда болады

03 сәуір 2018, 09:48

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеген ауданының орталығы Кеген де, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болады екен. "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.