Алматы облысында жолаушылар пойызы адам қағып кетті

06 қазан 2022, 09:29

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 3 қазанда болған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған факті бойынша Алматы-1 станциясының желілік полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі – "Темір жол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзудың абайсызда адам өліміне әкелуі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деді полициядағылар.

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.