Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы облысында жолды кесіп өтпек болған жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

16 желтоқсан 2022, 00:56

Алматы облысында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қайғылы оқиға 2022 жылдың 14 қарашасында сағат 7:20 шамасында орын алды, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

48 жастағы Skoda автокөлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта "Алматы-Өскемен" тас жолымен құйғытып келе жатып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан, делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Іле ауданының ЕҚДБ-да тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.