Ел жаңалықтары

Алматы облысында карантин күшейтілді

  • Алматы облысында карантин күшейтілді

    Алматы облысында карантин күшейтілді

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов 19 қазан сағат 7:00-ден бастап карантинді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, облыс бойынша сыйымдылығы 50-ден астам қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, дәмханалар, кофеханалар, мейрамханалар және басқа да мекемелер) жұмысы тоқтатылады.

 
Саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы, сондай-ақ барлық ойын-сауық объектілерінің - түнгі клубтардың, көрмелердің, бильярд және компьютерлік клубтардың, балалар ойын алаңдарының, жабық үй-жайлардағы батуттардың және басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылады.

Қоғамдық көліктерге сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кестеге сәйкес, 6:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін қарбалас сағаттарда 5 минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілген.

Сонымен қатар санитар дәрігердің қаулысымен бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым салу, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу күшіне енеді.

Ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынады.

Алматы облысы санитарлық дәрігерінің қаулысының толық мәтінін мына жерден оқуға болады




Көрілген: 188    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 14:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31