Ел жаңалықтары

Алматы облысында карантин күшейтілді

  • Алматы облысында карантин күшейтілді

    Алматы облысында карантин күшейтілді

Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, орын саны 30-дан көп қоғамдық тамақтану нысандары мен мейрамханалардың, банкет залдарының қызметі тоқтатылады.

Алматы облысында демалыс күндері тамақтану орындары мен сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынды.

Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, орын саны 30-дан көп қоғамдық тамақтану нысандары мен мейрамханалардың, банкет залдарының қызметі тоқтатылады.

«Сондай-ақ, көрмелер, ойын-сауық орталықтары мен түнгі клуб, қорқор барлары, букмекерлік кеңселер, антикафе мен боулинг орталықтар, компьютерлік клубтардың қызметіне тыйым салынды», &ndash делінген қаулыда.
Бір отбасы мүшелерінен басқа үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеу керек.

Ал қоғамдық тамақтану нысандары орналасқан жеріне қарамастан 30 адамды қабылдап жұмыс істей алады. Көрші үстелдің арасы екі метр болуы керек. Сонымен қатар бір үстелге төрт адамнан артық отыруға болмайды. Олар жұмыс күндері 09.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.

Демалыс және мереке күндері сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылады. Бұл күндері тамақтану орындары жеткізу қызметін ұсына алады. Сондай-ақ, жабық жердегі азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс істемейді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

aikyn.kz




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 19:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30