Ел жаңалықтары

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

  • Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

    Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Алматы облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов өңірдегі карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ ғимаратты 50%-дан артық толтыруға немесе 30 адамнан көп жиналуға тыйым салынады.

Өңірдегі бизнес-орталықтар мен екінші деңгейлі банктер, валюта айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Супермаркеттер мен гипермаркеттер сағат 09:00-ден 22:00-ге қызмет көрсетуіне және көлемі 2 мың шаршы метрден аспайтын азық-түліктен басқа тауар сататын дүкендерге жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сол сияқты азық-түліктен басқа да тауар сататын базарлардың жұмыс уақыты тек жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17.:00-ге дейінгі аралықты қамтиды.

Сауда ойын-сауық орталықтарының ғимараты 30%-дан артық толмай, тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20-00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Монша мен сауна және СПА-орталықтар сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Спорт кешендері мен фитнес-орталықтары тек жұмыс күндері ғана адамдарды қабылдай алады.




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 16:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31