Ел жаңалықтары

Алматы облысында қайтадан карантин режимі енгізіледі

  • Алматы облысында қайтадан карантин режимі енгізіледі

    Алматы облысында қайтадан карантин режимі енгізіледі

 Алматы облысында сауда үйлері қайтадан жабылуда. Қоғамдық шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады. Қоғамдық көліктер тек таңертең және кешке жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жетісу» ТРК-нің хабарлауынша, облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов бұл қажетті шара екенін айтты. Облыста ауру деңгейінің өсуі әлі де байқалады.

Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 400-ден асады. Соңғы бір аптаның ішінде ауру көрсеткіші 4,5 пайызға дейін өсті. Карантин босаңсығанға дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайызды құрады. Жағдай азаматтардың санитарлық нормаларды сақтамауы салдарынан нашарлады.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ретінде мен карантин режимін күшейтуге мәжбүрмін. Яғни, аудандар мен қалалар арасындағы санитарлық посттарды қайтару, жекелеген нысандар мен сауда үйлерінің жұмысына тыйым салу керек. Қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеулі болады - ондағы адамдар маска режимін сақтамай жүр. Бассейндер мен субұрқақтар жабылады. Сондай-ақ, вирус қаупіне байланысты Қапшағай су қоймасының жағасында демалыс орындарын ашуды тоқтата тұру жоспарлануда, - деді Қайрат Баймұхамбетов.

Қазір қалалық және аудандық мобильді топтардың тиімділігін тексеретін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, облыс әкімдігі мен прокуратурасының өкілдерінен, сондай-ақ полиция бөлімінен бірлескен мобильді топ құрылуда.

Заң бұзушылықтар үшін 5-тен 500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл салынады.

Stan.kz

 




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.06.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31