Ел жаңалықтары

Алматы облысында менингитпен күдіктелген 8 жасар қыз ауруханада көз жұмды

  • Алматы облысында менингитпен күдіктелген 8 жасар қыз ауруханада көз жұмды

    Алматы облысында менингитпен күдіктелген 8 жасар қыз ауруханада көз жұмды

Кеше Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 13 орта мектебінде оқитын сегіз жастағы оқушы ауыр науқастан аудандық ауруханада қаза болды. Оқушы жұма күні сырқаттанып сабаққа келмей қалған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш-ақ күн ауырған баланың мезгілсіз қазасын мектептегі ата-аналар менингиттен болды деп жорып, кейбірі балаларын бүгін сабаққа жібермей қойыпты. Желіде тараған хабарламалар ата-аналардың қорқынышын одан әрі үдетіп жіберген екен.

Қазір аталған мектепте оқу күні болса да, сабаққа келген бала көрінбейді. Бала менингиттен қайтыс болды дегенді естіген соң ата-аналар балаларын сабаққа жібермей қойыпты.

"Біз шу көтерген соң мектепті жапты. Шуламасақ, жаппайтын да еді. Тіпті СЭС-тен келген мамандар баланың неден қайтыс болғаны туралы қағазын да алып келмеген. Ауруханадағылар да бәрі жасырып отыр", - дейді ата-ана Мақпал Манжуова.

"Екі жыл бұрын тағы бір бала менингиттен қайтыс болды. Сонда мектепте карантинмен жабу үшін қанша бала өлу керек?", - дейді екінші ата-ана Эльмира Шойбекова.

Шынында да мектепте ешқандай карантин жарияланбаған. Ата-аналар мектепте ақпараттың ашық берілмейтініне ашулы.

Бұл мектепте екі жыл бұрын да менингитпен күдіктелген оқушы қаза болған. Ол кезде сыныптастарының да ыстығы көтеріліп, дәрігерге тексерілген екен.

Мектеп директоры ата-аналарға істің ақ-қарасын білмейді деп наразы. Мектепте тазалық жұмыстары жүріп жатқанын, ауаны желдетіп, хлормен тазалап жатқанына айтты.

Алайда мектепте директор айтқан жұмыстың бірі де байқалмайды. Тіпті балаларды мектепке дейінгі даярлау орталығы жұмыс істеп тұр. Ал, аудандық ауруханадағылар болса, оқушыда менингит болмағанын айтады.

"Біз баланы жұқпалы аурудан ауырды ма деп ойладық. Бірақ бірден жұлыннан шырышты алып тексергенде менингит емес болып шықты", - дейді Талғар аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Нұргүл Матжанова.

Баланың жақындары қайта сараптама жасатудан бас тартты. Мәйітті жерлеу үшін оны туған ауылына алып кетті.  




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2019, 22:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29