Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы облысында республикалық жолдарда барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды

11 ақпан 2021, 09:15

Алматы облысында «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» республикалық маңызы бар тас жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінде «ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ мен Алматы қаласының «ҚазАвтодор» ЖШС-не сілтеме жасай отырып хабарлады.

 
11 ақпанда сағат 07: 00-ден бастап жауын-шашынға (қар мен жаңбыр) байланысты жерді мұз басып, көктайғаққа айналды.

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» (63-109 км, Куш ауылы - Лавар ауылы) республикалық маңызы бар жолда барлық көлік түрлеріне қозғалысты уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады департамент.