Алматы облысында сұмдық жол апаты болды (ВИДЕО)

06 сәуір 2022, 22:31

Алматы облысында жоғарғы Қаскелең тас жолында автобус 8 жеңіл көлікпен және трактормен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлімдегендей, "Алматы – Жандосов" автожолында ЛиАЗ автобусының тежегіші істен шыққан. Салдарынан 35 жастағы жүргізуші жолшыбай кетіп бара жатқан тоғыз көлікпен – Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz-бен соқтығысты.

"Қаза болғандар жоқ. Автобус салонында отырған бірнеше жолаушы жүргізушімен бірге Қаскелең қаласының ауруханасына медициналық тексеріске жіберілді", - деді полициядағылар.

Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
https://www.instagram.com/kris.p.almaty.official/?utm_source=ig_embed&ig_rid=523053f4-0d9a-4ce0-adf6-9572f1141d12