Алматы облысындағы атыс: Жарақат алғандардың бірі көз жұмды

24 шілде 2022, 10:02

Алматы облысы Есік қаласында оқ жарақаты салдарынан ауруханаға жеткізілген ер азаматтың бірі көз жұмды. Екіншісі ауыл халде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көз жұмған науқас ауруханаға өлім жағдайында түскен және комадан сол күйі оянбапты.

"23 шілдеге қараған түні Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екі науқастың жағдайы өте ауыр, оларға оқ жарақатын алған деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, бірақ барлық медициналық көмекке қарамастан ауруханаға түскендердің бірі көз жұмды", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілдері екінші зардап шеккен екінші азаматқа қарқынды емдеу терапия жүргізіліп жатқанын айтты. Жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында атыс болғаны жайлы хабарлаған едік. Қазіргі таңда Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілердің кім екенін анықтауда.