Ел жаңалықтары

Алматы облысындағы жаңадан салынып жатқан нысан опырылып қалды

  • Алматы облысындағы жаңадан салынып жатқан нысан опырылып қалды

    Алматы облысындағы жаңадан салынып жатқан нысан опырылып қалды

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан құлап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды. Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

 

"2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі", - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов нысанның бір темірі ғана құлады деп мәлімдеді.

"Ертең мамандар келіп, сараптама жүргізеді. Түстен кейін бір темір сынғаны рас. Және ол толық құлаған жоқ, тек бір жағынан төбесі құлап түсті. Мен өз көзіммен көрдім - 40х25 бір ғана залдың төбесі құлады. Нысанның тапсырыс берушісі - Алматы облысының құрылыс басқармасы. Олар нақты ақпарат беретін болады", - деді Шухрат Нурахунов.

Алматы облысының құрылыс дирекциясының өзі де үнсіз. Бөлім бастығы Дәурен Жолжанов спорт кешенін "Лидер-НК" компаниясы салып жатқанын, оның басшысы Марат Қуанышбаев екенін атап өтті.

 
 

 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31