Ел жаңалықтары

Алматы облысының судьясы 9 жылға сотталды

  • Алматы облысының судьясы 9 жылға сотталды

    Алматы облысының судьясы 9 жылға сотталды

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтік лауазымға орналасу құқығынан өмір бойына айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Сүлейменовке оның шығарған үкімін қолдау үшін облыстық судьяларға беруді сылтауратып, орман шаруашылығы директоры Юлдашовтан 12 миллион теңге көлемінде ақшаны алдау жолымен алды деген айып тағылған. Алайда облыстық сот Юлдашовты соттап жіберген. 2021 жылы 22 шілдеде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовті 9 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істемеуге үкім шығарды", – деп хабарлады Бигайдаров брифингте.

Сот үкімі бойынша Юлдашов пара бергені үшін және Имиров пара алуға қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Антикорда хабарлағандай, заң қызметкері ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған.  




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

жұма, 23.07.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30