Ел жаңалықтары

Алматы облысының тұрғыны ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны рас па? Әкімдік жауап берді (видео)

  • Алматы облысының тұрғыны ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны рас па? Әкімдік жауап берді (видео)

    Алматы облысының тұрғыны ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны рас па? Әкімдік жауап берді (видео)

Желіде Алматы облысының тұрғыны үйінің ауласынан ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны туралы видео тарады. Өз кезегінде облыстық әкімдіктегілер видеоға қатысты пікір білдіріп, қаншалықты рас екеніне айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


WhatsApp мессенджерінде Алматы облысы тұрғынының үйінің ауласынан қазына тауып алғаны туралы видео тарады. Онда оқиғаның Қалжат аулында орын алғаны айтылған. Сондай-ақ, хабарламадағы мәліметке сәйкес, табылған құмыраның ішінде 47 келі алтын тиын болыпты.



Stan.kz ақпарат агенттігі аталған видеожазбаға қатысты Алматы облыстық әкімдігіне сауал жолдады. Өз кезегінде әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел облыс тұрғынының құмыра тауып алғанын растады.


«Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат аулының тұрығын үйінің ауласынан құмыра тауып алған. Ол құмыраны құрылыс жұмыстары кезінде тауыпты. Құмыра табылған туралы ақпарат түскеннен кейін, облыстық әкімдіктің мәдениет басқармасы өкілдері құмыраны актіге енгізіп, зерттеу үшін оқиға орнына барды. Зерттеу нәтижелері белгілі болғаннан кейін, аталған құмыраның тарихтың қай кезеңіне жататынын айта аламыз», - дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы.


Сондай-ақ, Ғалымұрат Жүкел құмыраның бос болғанын айтып, ішінен 47 келі алтын табылғаны туралы мәліметтің жалған екенін жеткізді.


«Құмыраның ішінде 47 келі алтын тиын болғаны туралы ақпарат – жалған. Оның бұл табылған құмыраға қатысы жоқ», - дейді Жүкел.




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 17:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30