Ел жаңалықтары

Алматы полициясы әнші Кенталды адамдардың ауыр хәлін мазақ етті деп айыптады

  • Алматы полициясы әнші Кенталды адамдардың ауыр хәлін мазақ етті деп айыптады

    Алматы полициясы әнші Кенталды адамдардың ауыр хәлін мазақ етті деп айыптады

Алматы полициясы Кенталдың іс-әрекетін адамдардың қайғы-қасіреті мен ауыр хәлін мазақ ету деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, "Кентал" лақап атымен танымал әнші Талғат Кенжеболатов ішкі істер органдарының қызметкері болмаса да, полицияның киімін киіп, әлеуметтік желілерде видеоүндеу жолдаған еді.

 

"Бәріне сәлем, достар! Біреу күйзелісте жүр, біреу ауырып жүр, біреудің отбасында, жұмысында проблемалар бар. Біреу несиесін уайымдап жүр. Уайымдамаңыздар, біз бәрібір өлеміз", - дейді әнші видеода.

Полиция департаментіндегілердің сөзіне қарағанда, видеожазба жұртшылықтың наразылығы мен жағымсыз реакциясын тудырды. Көптеген азаматтар Кенталды полиция қызметкері деп ойлаған, сондықтан оның сөзіне сынмен қараған.

"Талғат Кенжеболатовтың іс-әрекеті Қазақстан полициясының имиджіне елеулі зиян келтірді және оның беделін түсірді, ал тәртіп сақшылары күндіз де, түнде де медицина қызметкерлерімен бірге алдыңғы қатарда адал қызмет атқарып келе жатыр. Өкінішке қарай, бұл қайғы біздің әріптестерімізді де айналып өтпеді. Бұл қиын уақытта Талғат Кенжеболатов азаматтардың наразылығын тудырған видео жариялады. Бұл бейне қашан және қандай жағдайларда түсірілгені маңызды емес. Ең бастысы, оның авторы қазір коронавируспен бетпе-бет келген мыңдаған отандасымыздың қайғысы мен ауыр хәлін мазақ етіп, жариялады", - деп түйіндеді Алматы қаласы ДП бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Ол сондай-ақ өнер және шығармашылық интеллигенция өкілдеріне үндеу жасады.

"Сіздер танымалдыққа иесіздер, сіздерді халық жақсы көреді, адамдар сенеді. Және сіздердің әрбір сөздеріңіз тура мағынада қабылданады. Қазір хайп пен лайк қуатын уақыт емес. Жерлестерімізден бізден айырып жатқан қорқынышты аурумен күресу үшін бірігейік. Бәрінен карантиндік режимді сақтауды, бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды насихаттауды сұрайық. Мұнда сіздің көмегіңіз нақты әрі баға жетпес болады", - деді Нұрлан Алмасбеков.

Бұған дейін Кентал Instagram-да видео жариялап, полиция қысым көрсетіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, дау тудырған видеосының 4 жыл бұрын түсірілгенін мәлімдеді.

 
 

 




Көрілген: 245    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30