Алматы полициясы "түнде болған атыс" туралы пікір білдірді

01 сәуір 2022, 10:45

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болғаны туралы хабарлады. Полиция департаменті өкілдері хабарламаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Республика алаңында әскери және полиция көліктері жиналып тұрған видео тарады. Автордың сөзінше, түнде Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болыпты-мыс. 

Алматының Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, бұл аймақта қылмыстық істі тергеу аясында тергеу тәжірибесі өткен. Полиция өкілдері сабыр сақтап, ресми ақпаратқа сенуді сұрады.