Ел жаңалықтары

Алматы судьясы сот ғимараттарына қатысты мәселені ұтымды шешудің жолын ұсынды

  • Алматы судьясы сот ғимараттарына қатысты мәселені ұтымды шешудің жолын ұсынды

    Алматы судьясы сот ғимараттарына қатысты мәселені ұтымды шешудің жолын ұсынды

Судья бұрын географиялық алшақтықтың проблема болғанын айтты, ал қазір цифрландыру заманы. Сот процесіне үйден отырып-ақ қатысуға болады
Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрімжанов аудандық соттарды біріктіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Судьяның айтуынша, сот ғимараттарының көбісі ескі әрі тар. Себебі өткен ғасырдың 20-80-ші жылдары салынған. Осы проблеманы шешудің ең оңай жолы ол - бәленбай миллиард қосымша қаржы сұрау. Мысалы, Әзербайжан 200 миллион доллар кредит алып, бір стандартпен барлық ғимаратты салып тастаған.

"Әрине, кредит алуды сұрап тұрған жоқпын. Мәселені тез әрі ұтымды шешудің басқа жолы бар. Өткенде аудандық соттарды біріктіру туралы айтылған. Меніңше, ең тиімдісі сол. Мысалы, Нұр-Сұлтанның төрт ауданында төрт қылмыстық және төрт азаматтық сот бар. Алматы және басқа қалаларда солай. Оларды бір жерге біріктірсек, ұтарымыз көп", - деді Кәрібжанов Қазақстан судьяларының VIII съезінде.
Осы орайда судья бұрын географиялық алшақтықтың проблема болғанын еске алды. Ал қазір &ndash цифрландыру заманы. Сот процесіне үйден отырып-ақ қатысуға болады.

"Осылай еткен жағдайда, біріншіден, шағын ғимараттарды босатып, мемлекет қажетіне береміз. Екіншіден, әр ғимаратты күтіп ұстауға кететін шығын мен қызметкерлерге төленетін қаржыны үнемдеуге болады. Осылайша, көп қаржы жұмсамай-ақ келушілерге қолайлы жағдай жасауға болады", - деп атап көрсетті

Айта кетейік, Жоғарғы сотта Қазақстан судьяларының VIII съезі басталды. Отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режим арқылы қатысып отыр.
 




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30