Ел жаңалықтары

Алматы таксилеріндегі қауіп: әйелдерге жасалатын шабуыл саны артуда

  • Алматы таксилеріндегі қауіп: әйелдерге жасалатын шабуыл саны артуда

    Алматы таксилеріндегі қауіп: әйелдерге жасалатын шабуыл саны артуда

 Такси жүргізушісі әйелдерді зорламақ болған, бірақ қатты қарсылық көрген соң, бағалы заттарын тонап кеткен.


Алматы облысында жолаушы әйелдерді тонады деген 27 жастағы күдікті ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.


3 маусымда полицияға Қызылжар ауылында тұратын әйел шағым түсірді. Оның айтуынша, такси жүргізушісі тонап, зорламақ болыпты. Қаскүнем телефон мен 92 мың теңгені тартып алған екен.


Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні қолға түсірді.


 


"Тексеріс барысында ұсталған азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Ол биыл мамырда Есік қаласында тұратын жас қызды тонаған. Екі жағдайда да күдікті әуелі әйелдерді зорламақ болыпты, бірақ олар қатты қарсылық көрсеткен соң, жәбірленушілердің әшекей бұйымдары, ұялы телефондары мен ақшалай қаражатын тонап кеткен", - деп хабарлады ведомство.


Қазір ер адам уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу барысында оның басқа қылмыстарға қатысы бары анықталады.


Qamshy.kz




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 18:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31