Ел жаңалықтары

Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды

  • Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды

    Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды

Кәсіпкерлік субъектілері көбіне жұмыс және маска режимін бұзады, дезинфекциялық құралдарды пайдаланбайды

Алматыда бір аптада карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы 2020 жылдың 7-14 қыркүйегі аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 16 миллион 376 мың теңге", - делінген әкімдік ақпаратында.
Сондай-ақ, бір материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Кәсіпкерлік субъектілері көбіне жұмыс және маска режимін бұзады, дезинфекциялық құралдарды пайдаланбайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, Түрксіб ауданындағы "Ламази" мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойы өткен. Дәл осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы "Айлина" мейрамханасында болған. Кәсіпкерлердің әрқайсысына хаттама толтырылып, 230 АЕК немесе 638 940 теңге айыппұл салынды.

Айта кетейік, мониторинг тобы 17 тамыздан 15 қыркүйекке дейін 9 мыңнан астам тексеріс жүргізді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 3 756 хаттама толтырылды. Өз еркімен 1635 нысан қызметін тоқтатты.

Медициналық бетперде тақпаған 3 366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында 69 адамға айыппұл салынды.

Сонымен қатар 27 тамыздан бері қоғамдық көлікте медициналық бетперде тақпаған 61 адамға айыппұл салынды.

 

Sputniknews.kz

 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 08:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30