Ел жаңалықтары

Алматы тұрғыны вакцина салдырғаннан кейін көз жұмды: Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

  • Алматы тұрғыны вакцина салдырғаннан кейін көз жұмды: Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

    Алматы тұрғыны вакцина салдырғаннан кейін көз жұмды: Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазиннің "вакцина алғаннан" көз жұмғаны туралы ақпарат тарауда. Жағдайға қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 42 жастағы Бақытжан Нұртазиннің өліміне вакцина себеп болған. 

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның нақты неден көз жұмғанын анықтауға уәде берді.

"1979 жылы туған азамат Б.Нұртазин 12 сәуір күні емханаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған.

21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен", - деді ведомствода.

Марқұмның жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. 

"Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады", - деп толықтырды дәрігерлер.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы марқұмның туыстарына көңіл айтады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы  №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. 




Көрілген: 1069    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30