Алматыда 2 наурызда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатады

02 наурыз 2022, 10:14

Алматыда 2 наурызда теле-радио тарату уақытшы тоқтайды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Көктөбе станциясындағы жөндеу жұмыстарымен байланысты.

"2 наурызда сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін "Алматы" (Көктөбе) радиотелевизиялық станциясында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.