Алматыда 20-ға жуық заңсыз қоқыс полигоны анықталды – Бас прокуратура

16 мамыр 2022, 14:49

Алматыда 20-ға жуық заңсыз қоқыс полигоны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 
"Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің көлемі азаймай отыр. "ҚазақстанҒарышСапары" ғарыштық мониторингінің деректері бойынша елді мекендерде жыл сайын 9 мыңға дейін заңсыз полигондар құрылады. Алматы қаласының прокуратурасы Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағынан коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтардың 17 көміндісін тапты, бұл тұрғындардың жергілікті әкімдіктерге негізді наразылығын тудырды", - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Бас прокуратурада айтылғандай, қазіргі уақытта стихиялық полигондар жойылды.