Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда 24 жастағы қыз автобустың астына түсіп, мерт болды

18 желтоқсан 2022, 17:08

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Марқұм Лейла Саттарованың туыстары оқиға куәгерлерін іздейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"14 желтоқсанда сағат 20.15-те менің әпкем үйге қайтып келе жатқан. Күн қараңғы болған, ешқандай жарық болмаған. Оны 205-ші автобус қағып кеткен. Жүргізуші автобусты артқа қарай айдағанда адамды басқанын байқамаған да. Себебі, куәгерлердің сөзінше, жүргізуші құлаққаппен отырған. Ол тас басқандай тіпті не болғанын тексеруге де шықпаған. Автобусты тұраққа қояр кезде ғана қараған. Әпкемнің екі аяғы, белі сынған, үш литрдей қан жоғалтқан, сағат 00:30-да жансақтау бөлімінде қайтыс болған", - дейді марқұмның сіңлісі Малика.
Маликаның сөзінше, тергеу жүріп жатыр.

"20-30 күн тергеу жүреді деп айтты. Ал кінәлі адам бостандықта жүр. Қалайша? Тергеу барысында ол изоляторда болуы керек емес пе? Адам қағып кетті. Кінәлі адамдар және автопарк басшылығы жауапқа тартылса дейміз. Оқиғаны көрген куәгерлерді іздейміз...", - дейді алматылық.
Лейла Саттарова 24 жаста еді. Басылым мәліметінше, ол жеті ай бұрын тұрмысқа шыққан