Ел жаңалықтары

Алматыда 87 мың құдық темір торлармен жабылып жатыр

  • Алматыда 87 мың құдық темір торлармен жабылып жатыр

    Алматыда 87 мың құдық темір торлармен жабылып жатыр

Алматыдағы мыңдаған кәріз бен су құдығының қақпағына қосымша темір тор салынады. Жұрттың жарақаттанбауын ойлаған бастаманы әзірге тек Алматы су мекемесі атқармақ, деп хабарлады Almaty.tv.

Темір торды шеңберге шегелеу қарапайым ғана жұмыс. Шойын қақпақтың астына бекітілген шеңберді қажет кезінде ашып жабуға да оңай дейді орнатушылар. Арнайы тапсырыспен дайындалатын заманауи торлар немесе жаңа технологияны қолдану қымбат, ол үшін барлық кәріз жүйесін жаңарту қажет. Сондықтан осындай арзан және қауіпсіз әдісті қолдануды қабылдаған.


«Біз қақпақ астына торларды қойдық. Әуезов ауданында шағын аудандар көп. Кішкентай балалар жүреді. Халық жүреді. Адам жүретін жолда орналасқан кейбір құдықтар қауіпті, түнде ішіне құлап кетуің мүмкін. Ең алдымен, соларды бітеп жатырмыз», - деді «Алматы су холдингі» МКМ инженері Бекдос Уәли.


Қалада қақпақты құдықтардың саны 150 мың болса, олардың 87 мыңы «Алматы су» мекемесінің меншігі. Олардың бәрін түгендеп, тұрғындардың құдыққа құламауын қамтамасыз ету қиын. Тек былтырдан бері «Алматы суға» тиесілі екі жүздей шойын қақпақ қолды болған.


«Біздің басты мақсатымыз аулалардағы құдықтардың бетіне тор қою. Жер үйлерде емес, көпқабатты үйлердің маңында көп орналасқан. Бір темір тордың өзі 10 мың теңгені қажет етеді. Бұл қаражатты біз мекеме бюджетінен бөлеміз», - деді «Алматы су холдингі» МКМ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ақбота Жылысова.


Темір тор кемі 200 келі салмақты көтереді. Олар үлкен және орталық тас жолдарға қойылмайды. Ал аула, тротуарларда «Алматы су» мекемесінен бөлек газ, телекоммуникация, жылу жүйесіне қарайтын 70 мыңдай құдық бар. Қақпағы жиі жоғалатын бұл құдықтарға жауаптылар жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жұмысын әлі қолға алған жоқ.


Талай адамның тағдыры қыршынынан қиылып, қапыда қайғы әкелген жайттар аз емес. Ал, көлік дөңгелегінің кептеліп қалуы мен сынуын санап жатқан жан жоқ. Бұндай оқиғалар қоғамдық резонанс тудырған соң ғана қақпаққа қарайтындар құдықты қауіпсіз етудің әдісін тапқан. Онда да тек Алматы су компаниясы ғана өздеріне тиесілі 87 мың құдық қақпағының астына қосымша темір тор салмақ.




BAQ.KZ




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

сенбі, 13.04.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31