Ел жаңалықтары

Алматыда Bek Air құлады: Өтемақыны тек марқұмдардың жанұялары алады

  • Алматыда Bek Air құлады: Өтемақыны тек марқұмдардың жанұялары алады

    Алматыда Bek Air құлады: Өтемақыны тек марқұмдардың жанұялары алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов министрлер кабинетінің таяу күндері ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына өтемақы төлеуді қарастыратын қаулысы қабылданғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Алматыда Bek Air құлады: Өтемақыны тек марқұмдардың отбасылары алады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ол үкімет Алматыдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына 4 млн теңге төлеуге шешім қабылдағанын атап өтті.

"Әлеуметтік даму министрлігі тиісті қаулы әзірледі және бүгін дауыс берді. Бұл қаражат отбасы мүшесінің жеке шотына аударылады.
27 желтоқсанда апат болды, 28 желтоқсан өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі отырыста үкімет дауыс берді. Бүгін Еңбек министрлігі ақшаны береді. Біз қаржыны туған-туыстарының шотына қысқа мерзімде аударамыз", - деді министр.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, апаттан зардап шеккендерге берілетін өтемақы туралы шешімді Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдігі қабылдауы тиіс.

"Зардап шеккендерге қатысты қандай да бір материалды төлем жасалуы керек болса, оны жергілікті билік - Алматы мен Алматы облысы, яғни, апат болған жер бойынша шешетін болады", - деп атап өтті ведомтво басшысы.

Спикер үкіметтік деңгейде авиациялық оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу туралы шешім қабылданғанын нақтылап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Алмтыда 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшпақ болған ұшақ құлады. Әуе кемесі бортында 93 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29