Ел жаңалықтары

Алматыда Covid-19-ға қарсы вакциналар жұмыс жасамайтын тоңазытқышта сақталған

  • Алматыда Covid-19-ға қарсы вакциналар жұмыс жасамайтын тоңазытқышта сақталған

    Алматыда Covid-19-ға қарсы вакциналар жұмыс жасамайтын тоңазытқышта сақталған

Алматыда Covid-19 вакциналары жұмыс жасамайтын мұздатқышта сақталған. Оқиға №27 емханада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

 "6 қыркүйек күні, таңертеңгі тексеру кезінде вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштағы температура 0°С екені анықталды. Тексеру барысында ұзартқыш кабельдің зақымданғаны белгілі болды. Мұздатқышта ол уақытта бірінші компоненттің 650 дозасы және екінші компоненттің 565 дозасы болған. Акт толтырылып, вакцинаның барлық дозалары айналымнан алынды", – деді Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті хабарлама жіберілгенін атап өтті.

"Кінәлі адамдар жұмыстан шеттетілді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен ДСЭК вакцинация пункттерінің суық тізбекке сәйкестігін күн сайын тексереді", – деп қосты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма сонымен қатар жұмыс істемейтін мұздатқыштарда "Спутник V" вакцинасы сақталғанын айтты. Бұл екпелер ешкімге салынбаған деп сендірді.




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31