Ел жаңалықтары

Алматыда Nur Otan өкілдері жаңа жөнделген жолдың өте сапасыз жасалғанын анықтады

  • Алматыда Nur Otan өкілдері жаңа жөнделген жолдың өте сапасыз жасалғанын анықтады

    Алматыда Nur Otan өкілдері жаңа жөнделген жолдың өте сапасыз жасалғанын анықтады

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев пен Медеу аудандық партия филиалының төрағасы – аудан әкімі Әсет Масабаев жаңа жөнделген жолдарды тексеру барысында шұңқырлар мен жолдың шөгуін анықтады.

 
Мәселен, асфальт төсемі технологиясының сақталмауынан және тапсырыс беруші мен техникалық қадағалау өкілі тарапынан бақылаудың болмауынан Керей-Жәнібек хандары көшесіндегі сегіз учаскеде ойылған жерлер анықталған. Сондай-ақ, аралау барысында асфальттау жұмыстары сапасыз жүргізілгені анықталды.

Мұзтау шағынауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салғаннан кейін көптеген бұзушылықтар анықталды. Тиісті бақылаудың болмауы, жүргізілетін жұмыс сапасының төмендігіне, соның ішінде арнайы техниканың және тікелей жұмысшы персоналдың болмауына әкеліп соқты. Мұнымен қоса, нұротандықтар көлік құралдарының қозғалысы үшін авариялық жағдай туғызатын Бейсеуов көшесінің барлық жүріс бөлігінің бойында көптеген шұңқырлар мен опырылымдарды тіркеді.

Бұдан бөлек, аудан тұрғындары үшін жаяу жүру және жеңіл автокөліктердің өтуі қиын. Замартас және Айдарлы көшелерінде жүргізілген жер жұмыстары және асфальттаудың болмауы салдарынан, жаңбыр суларымен жол бойынан инертті материалдар жуылуда. Бұл бүкіл көше бойынша опырылыстар мен балшық массаларының пайда болуына әкелді. Анықталған бұзушылықтар шиеленісті жағдай туғызып қана қоймай, осы шағын аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерде жағымсыз посттардың жариялануына әкелді.

«Мегаполистің барлық ауданында тұрғындардың тұрғылықты жеріне қарамастан жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз ету «Алматы-2050» даму стратегиясының бірінші басым бағыты болып табылады. Осыған байланысты, қаланы абаттандыру жұмыстарына деген немқұрайлыққа жол берілмеу керек. Біз мердігерлік ұйымдардың басшыларына ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде жоғарыда аталған барлық бұзушылықтарды жоюды тапсырдық. Бұл мәселе партия филиалы мен аудан әкімінің тікелей бақылауында болады», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 16:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31