Ел жаңалықтары

Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде салдыруға болады

  • Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде салдыруға болады

    Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде салдыруға болады

Алматыда барлық вакцина пунктінде Pfizer вакцинасын сақтауға арналған жабдықтар бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматыда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қаладағы барлық вакцина пунктіне жеткізіледі. Кеше Pfizer вакцинасын қолдану бойынша нақты ақпарат алдық. Қазір бізде 137 вакцина пункті жұмыс істеп тұр, сол жердің барлығында Pfizer вакцинасын салдыруға болады. Бұл вакцинаны бірінші кезеңде салдыра алатын үкімет бекіткен адамдардың үш тобы бар екенін білеміз. Олар: 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және емшектегі баласы бар әйелдер. Алматы бойынша қазір вакцинаны мамандарды үйге немесе мектепке шақырып салдыруға болады", - деді басқарма басшысы.

 
Оның айтуынша, қазір қалада вакцина салдыруға жататын 176 600 бала мен емшектегі баласы бар 67 мың әйел және 20,5 мың жүкті келіншек бар.

"Бізде осындай ақпарат бар, алайда вакцина адамдардың өз еркі бойынша салынады. Сондай-ақ ата-аналардың рұқсаты болуы керек. Дәл қазір қанша адамның қай вакцина пунктінде вакцина салдыратынын, мамандардың қай мектепке барып вакцина салатынын білмейміз. Бұл ниет білдірген адамдарға байланысты белгілі болады", - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қалада барлық вакцина пунктінде Pfizer вакцинасын сақтауға арналған жабдықтар бар.

Әзірге Pfizer вакцинасы қалаға жеткізілген жоқ. Бұған дейін Табынбаев Pfizer вакцинасы қалаға 20 қазаннан кейін жеткізіледі деп жоспарланғанғанын айтты.

"Алматыға 130-дан 160 мың дозаға дейін жеткізіледі. Сондай-ақ Алматы үшін квота бөлу жағы нақтыланып жатыр", - деді ол.

Ал қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Pfizer жеткізілгеннен кейін 300 мыңнан астам оқушы мен студент вакцина салдыра алатынын айтты.

"Вакцина қазан айының соңында жеткізілетіні айтылды. Pfizer жеткізілген соң 306 мыңға жуық мектеп оқушысы мен студентке вакцина сала аламыз. Бұл бізге вакцинация арқылы иммундық қабат деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, ал ол аурушаңдыққа әсер етеді", - деді Бекшин.




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 13:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30