Алматыда Абай даңғылы уақытша жабылды

15 мамыр 2022, 01:12

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

"Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 14 мамыр күнгі сағ.22:00 мен 15 мамыр күнгі сағ.06:00 аралығында Абай даңғылының Алтынсарин даңғылынан Саин көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде көлік жүрісі уақытша шектелетін болады", делінген хабарламада.

Аталған бөліктің, яғни Абай даңғылының Алтынсарин даңғылынан Саин көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары 15 мамыр күнгі сағ.22:00-ден 16 мамыр күнгі сағ.06:00-ге дейін жүргізіліп, жол уақытша жабылады.

sputnik.kz