Ел жаңалықтары

Алматыда Әблязовтің сыбайласына үкім шығарылды

  • Алматыда Әблязовтің сыбайласына үкім шығарылды

    Алматыда Әблязовтің сыбайласына үкім шығарылды

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Рүстем Ибрагимовке үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"15 қазанда Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 соты Мұхтар Әблязовтің қылмыстық ұйымының тағы бір сыбайласы - Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Ибрагимов Рүстем Шәмілұлына қатысты сот үкімін шығарды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл бойы банктік ұйымдарда кәсіби қызметпен айналысу құқығынан айырды", - делінген хабарламада.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Ибрагимов "БТА Банкі" АҚ несие беру бойынша басқарушы директоры, ұжымдық бизнестің несиелік талдау департаментінің директоры қызметтерін атқарған және бас банктің несиелік комитетінің мүшесі болған.

"Ол қылмыстық қоғамдастықтың жетекшісі Мұхтар Әблязов бақылайтын компанияларға несие беру бойынша заңсыз оң шешімдер қабылдауға ықпал еткен.

Басында Ибрагимов кінәсін мойындап, тергеуге көмектесті және ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы арыз жазды, бірақ қылмыстық қоғамдастық басшыларының ықпалымен ол жасырынуға шешім қабылдаған. Салдарынан 2010 жылдан бері Ибрагимов қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде болды. Ол жалған құжаттар арқылы Қырғызстан азаматы ретінде жасырынған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың желтоқсанында БАӘ құқық қорғау органдары Ибрагимовті тұтқындағаннан кейін ол өзін Қырғызстан азаматы Рустам Мұхтаров ретінде таныстырып, Қазақстан азаматы екенін мойындамаған.

Қазақстанда Әблязов БТА банктен шамамен 7 миллиард долларды жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған, ал 2018 жылы - банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына сотталған болатын.




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30